19.06.2025, 14:53 33021

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мәселен, 2025 жылғы 17 маусымда Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қордай ауданы Үлкен-Сұлутөр ауылында бой көтерген жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.

Прокуратура органдары тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясында біздің өңірде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданды. Оның жарқын мысалы - медициналық көмекпен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету болып табылады", - деп облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров атап өтті.


Бұл амбулатория ел бойынша бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысандардың бірі болып табылады. Оның ашылуына дейін ауыл тұрғындарына 1959 жылы салынған ескі ғимаратта қызмет көрсетілген.

Аудан орталығы мен Үлкен-Сұлутөр ауылы арасындағы үлкен қашықтықты ескере отырып, жаңа амбулатория 1500-ден астам тұрғынға қажетті медициналық қызметтерді ауылдан шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.

Медициналық мекеме алғашқы дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, физиотерапия, оңалту және ЭКГ кабинеттерімен жабдықталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны